ПАПАСЫНЫҢ “ҚАРА" ҚЫЗЫ 🌺 (@gulmirkaz)

1 weeks ago

КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРДЫМ БА? 😳 ⠀ Білмеймін ал. Бірақ семьямызбен қатты ауырып жатып қалдық. 🤒 Температура көтеріліп, әлсіреп, төсектен тұра алмай 1 күн жаттым. Аппетит жоқ, ештеңенің дәмін, иісін сезбей қалдым. 🤭 Барлық симптомдар бар, бірақ жәй салқын болуы да әбден мүмкін. 🤷🏻‍♀️ ⠀ Жақын ағайындарымыз кетіп жатыр. 😢 Арты қайырлы болғай 🙏🏻 ⠀ Бұл жолғысы енді шын болды. Кәдімгі Италияның күйін кештік. "Қой өтірік зат бұл" деп жүргендер өздері ауырып жатыр. "Сақтансаң - сақтаймын" деген бар. Біз қазақтар тойдан тойға, құдалықтан екінші құдалыққа барып әйдаааа болып жүрміз. 🤦🏻‍♀️ Кеше бір түнде Ақтаудың өзінде 20 шақты адам өліпті. Әлі де сенбейсіздер ме???? ⠀ Ал мен ауырып жатып не ойладым, білесіздер ме? Балаларым далада қалады ау, шешенің орны бөлек қой, мен сияқты оларды ешкім де жақсы көріп, олардың болашағы үшін жанын бермейді ғой деп ойладым. ⠀ Ал аман болайық бәріміз! 🙏🏻🙏🏻🙏🏻 Сіздерде не жаңалық? ⠀ #коронавирус #covid19 #пандемия #amanbolayik #аманболаи ̆ык #pandemic #behealthy #sick #менжазыламын

67 comments